Жоба туралы Жоба туралы
Жоба туралы Жоба туралы

Жоба туралы

Еуразиялық петроглифтер табиғи паркі

«Арқалан» Еуразиялық петроглифтер табиғи паркі — «Петроглифтерді іздеушілер» қоғамдық қоры мен «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (директоры Гүлнара Ситпаева) бірлесіп жүзеге асырған жоба. Бұл жоба суретші Санжар Жұбановтың интерпретациясындағы түркі петроглифтерінің көшірмелер галереясы мен мүсінші Саид Айнекавтың орындауындағы түркі мифологиясына негізделген заманауи арт-нысандарды ұсынады.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның көшпелі мәдениетінің тарихи мұрасымен, сондай-ақ қазақ даласының табиғи ландшафттары мен флорасымен таныстыру.

«Арқалан» Еуразиялық петроглифтер табиғи паркінің ресми ашылуы 2024 жылғы 15 қарашада өтті.

Орналасқан жері

Парк Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде, «Қазақстан» экспозициясы аумағында орналасқан.

Бақ 1932 жылы 108 гектар аумақта негізі қаланған, ал 1967 жылдан бастап ғылыми-зерттеу мекемесі мәртебесіне ие. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген.

«Арқалан» Еуразиялық петроглифтер табиғи паркінің ауданы – 1260,62 м².

Галерея